Басты бетҚР Президентінің Телерадиокешені мен кореялық Aju News Corporation Азияның ақпараттық кеңістігінд...

ҚР Президентінің Телерадиокешені мен кореялық Aju News Corporation Азияның ақпараттық кеңістігінде бірыңғай медиажелі құруға кірісті

ҚР Президентінің Телерадиокешені мен кореялық Aju News Corporation Азияның ақпараттық кеңістігінде бірыңғай медиажелі құруға кірісті ҚР Президентінің Телерадиокешені мен кореялық Aju News Corporation Азияның ақпараттық кеңістігінде бірыңғай медиажелі құруға кірісті ҚР Президентінің Телерадиокешені мен кореялық Aju News Corporation Азияның ақпараттық кеңістігінде бірыңғай медиажелі құруға кірісті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Оңтүстік Кореяның Aju News Corporation ірі мультимедиялық және баспа компаниясы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа ҚР Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен Aju News Corporation компаниясының төрағасы әрі негізін қалаушы Квак Ён Гиль қол қойды.

Келісім аясында тараптар медиа құрылымдар арасындағы кәсіби байланысты дамытуға, ақпарат алмасуды кеңейтуге, телевизия, цифрлық медиа және мультимедиялық контент саласында бірлескен жобалар жасауға ниетті.

Раушан Қажыбаеваның айтуынша, Телерадиокешен бұл ынтымақтастықты сапалы халықаралық медиа диалогты дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырады.

"Біздің серіктестігіміздің басты бағыты – қазақстандық және кореялық кең аудиторияға қызықты контент өндірудің заманауи тәсілдерімен алмасу", – деді ҚР Президенті Телерадиокешенінің директоры.

Квак Ён Гильдің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сенімді көпірге айнала алады.

"Кәсіби тәжірибе алмасу, бірлескен ақпараттық жобалар және мәдени бастамаларды ілгерілету арқылы медиа біздің елдер арасындағы әріптестік пен сенімді нығайтуға елеулі үлес қоса алады", – деп атап өтті Aju News Corporation төрағасы.

Меморандумды іске асыру Қазақстандағы маңызды жаңалықтардың Азия ақпараттық кеңістігіне тарауын кеңейтеді, сондай-ақ екі ел аудиториясына Қазақстан мен Корея Республикасының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени дамуы туралы ақпараттармен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.

Кореялық БАҚ-пен ынтымақтастықты дамыту ҚР Президенті Телерадиокешенінің халықаралық серіктестер аясын кеңейту және Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейінгі құрлықта бірыңғай серіктестік желісін құру жөніндегі кешенді бағдарламасының бір бөлігі саналады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚР Президенті Телерадиокешенінің халықаралық серіктестік желісіне әлемнің әртүрлі өңірлерінен шамамен 70 шетелдік медиа құрылым кіреді. Олардың қатарында CMG, ТАСС, Al Jazeera, Yonhap, Kyodo, Jiji Press, Agenzia Nova, Anadolu Agency, ANI, Associated Press of Pakistan, БРИКС ТВ және басқа да БАҚ-тар бар.