Басты бетЕресек жаста қандай екпелерді туралы ұмытпау қажет

Ересек жаста қандай екпелерді туралы ұмытпау қажет

Ересек жаста қандай екпелерді туралы ұмытпау қажет Ересек жаста қандай екпелерді туралы ұмытпау қажет Ересек жаста қандай екпелерді туралы ұмытпау қажет Ересек жаста қандай екпелерді туралы ұмытпау қажет Ересек жаста қандай екпелерді туралы ұмытпау қажет

Вакцинация – инфекциялық аурулардың алдын алудың басты жолдарының бірі. Дегенмен «екпе тек балаларға ғана керек» деген түсінік қате. Ересек жаста кейбір инфекцияларға қарсы иммундық қорғаныс уақыт өте келе төмендейді. Сондықтан ревакцинацияны уақтылы алып тұру маңызды.
«Ересектердің екпе алу жоспары – бәріне ортақ ереже емес, әр адамның ағзасына қарай түзілетін дербес күнтізбе», – дейді МОА инфекционисі Әлия Серғалиева.

Қажетті екпелерді анықтау кезінде адамның жасы, екпе анамнезі, денсаулық күйі мен қауіп факторлары ескеріледі. Вакцинацияға, әсіресе, созылмалы аурулары бар пациенттердің, егде жастағы кісілердің, кәсіби қауіп топтары өкілдерінің, жиі саяхаттайтындардың және иммундық тапшылығы бар жандардың мұқият болғаны маңызды.

Қазақстанда дифтерия мен сіреспеге қарсы ревакцинация 16 жастан бастап және одан әрі әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Сондай-ақ ересектерге жыл сайын тұмауға қарсы екпе алып тұруды ұмытпаған жөн. Ал жүктілікке дайындық кезеңінде қызылшадан, қызамықтан және су шешектен қорғаныс деңгейін алдын ала тексеріп алған абзал.

Медициналық орталық ауруханасында В гепатитіне, қызылшаға, пневмококк инфекциясына қарсы вакциналар, АДС-М және тұмауға қарсы маусымдық екпелер бар. Вакцинация жас ерекшелігін, екпе анамнезін, эпидемиологиялық көрсеткіштерді және маусымдылықты ескере отырып жүргізіледі.
МОА эпидемиологі Марияш Жайсанбаева үшін көпжылдық жұмыс тәжірибесі вакцинацияның маңыздылығына деген сенімін нығайта түскен: «Вакцинация – ауыр инфекциялардың, олардың асқынулары мен өлім-жітімнің алдын алудың ең пәрменді әрі тиімді жолы екеніне деген сенімім жылдар өте келе нығая түсті».

Медициналық орталық ауруханасының мамандары инфекциялардың алдын алу тек вакцинациямен шектелмейтінін ескертеді. Оған гигиенаны сақтау, қауіпсіз тамақ пен су, бөлмені желдету, науқастармен қарым-қатынастағы саналы мінез-құлық және дәрігерге уақтылы қаралу сияқты кешенді шаралар кіреді.