Басты бетПремьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Балқаш» емдеу-са...

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенінде болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешеніне барды, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі. 

SAM_1569.jpg

Вице-премьер кешеннің техникалық жабдықталуымен және жұмыс жүйесімен танысты.

«Бұл орталық бірінші кезекте Қарағанды өңірі мен көршілес облыстардың тұрғындарын сауықтыру үшін салынды. Бұл жерде барлық әлемдік стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін жағдай жасалған» - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

SAM_1543.JPG

Осы емдеу-сауықтыру кешені тиісті емделу мен демалу режимі жағдайында тыныс алу, жүрек-қан тамыры, неврологиялық, сүйек-бұлшық ет және несеп шығару жүйелерінің ауруларына шалдыққан азаматтарды физиотерапия, дене шынықтыру, диеталық тамақтану, табиғи емдік факторлармен сауықтыруға арналған орын.

SAM_1526.JPG

Кешен бір-бірімен байланысқан 6 блоктан (150 орындық 120 нөмір) және шаруашылық орын-жайлардың бөлек орналасқан блогынан тұрады. 

Кешен ұсынатын негізгі процедуралар – сумен емдеу, көмір қышқыл ванналар, емдік душ, ингаляция, лазер терапиясы, гелиотерапия, балшықпен аппликациялар, АМОК (ішекті аппараттық мониторлық тазарту), массаж, акупунтура, жылумен және электр жарығымен емдеу.

SAM_1483.JPG

Қонақтарға мейрамхана, оқырмандар залы бар кітапхана, 150 орындық кино және концерт залы, балалардың бос уақытын ұйымдастыру орталығы, диско-бар, караоке, бильярд ойнау орны, шағын кинозал, интернет-кафе қызмет етеді.

Спорттық корпуста минифутбол, волейбол, баскетбол, үлкен және үстел үсті теннис ойнауға арналған әмбебап спорт залы, жабық бассейн, фин және инфрақызыл саунасы бар монша кешені, боулинг залы, дене шынықтырумен емдеу залы, фитнес- орталық бар.