Басты бетПІБ-те мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды

ПІБ-те мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды

ПІБ-те мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды ПІБ-те мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды ПІБ-те мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды ПІБ-те мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды ПІБ-те мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік тілді дамытудың заманауи тәсілдеріне, сондай-ақ көрнекті ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының мұрасына арналған семинар өтті.

Кездесу барысында қазақ тілін дамытудың жаңа үрдістері, цифрлық жүйелер мен лингвистикалық технологиялар талқыланды. Семинарға ПІБ орталық аппараты мен қарасты ұйымдарының қызметкерлері, бейінді ұйымдардың өкілдері және лингвистика саласының мамандары қатысты.

Іс-шараны ашқан ПІБ Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Рахат Бекқадамов мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы қазіргі технологиялық өзгерістермен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект ақпаратпен жұмыс істеу және коммуникация тәсілдерін өзгертіп жатыр. Мемлекеттік тіл де осы ортада толыққанды дамуы қажет. Мұндай кездесулер практикалық және ғылыми тәжірибені ұштастырып, оны одан әрі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Сондай-ақ ПІБ жүйесінде мемлекеттік тілдің күнделікті қызметте орныққанын атап өткен жөн. 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру аясында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қызметкерлердің тілдік құзыреттерін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Құжат айналымының 97 пайызы мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. ПІБ мемлекеттік қызметшілері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері жыл сайын «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеуден өтеді.

Семинар барысында мемлекеттік тілді қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған заманауи құралдар мен тәсілдер де таныстырылды.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Терминология бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрзия Әбдікарим «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» тақырыбында баяндама жасап, ғалымның мұрасы мен қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.

«Тіл-Қазына» орталығының ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова қазақ тілін цифрландыру және оны жасанды интеллектпен ықпалдастыру мәселелеріне тоқталды.

Заманауи лингвистиканың мүмкіндіктерін Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» КММ Тілдерді оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің бас маманы Ұлбосын Мынбай таныстырды.

Мұндай іс-шараларды өткізу – ПІБ-ның мемлекеттік тілді қолдауға және дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі. Мемлекеттік тілдің күнделікті қызметтегі қолданысын одан әрі кеңейту, қызметкерлердің кәсіби және тілдік құзыреттерін жетілдіру, сондай-ақ қазақ тіліндегі цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.