Халықаралық Silk Way Star музыкалық байқауының екінші маусымының алғашқы шығарылымы Қытайдың CCTV-3 (Variety Channel) және CCTV-15 (Music Channel) телеарналарында, сондай-ақ CCTV.com және CCTV Arts цифрлық платформаларында эфирге шықты.
Ауқымды жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузиядан 12 елдің өнерпаздары қатысты.
Қазақстанның атынан байқауға Рухия Байдүкeнова қатысып, қазақтың халық әні «Бұлбұл» шығармасын орындады. Өнерпаз Silk Way Star байқауының екінші маусымындағы алғашқы турдың жеңімпазы атанды.
Халықаралық жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group бірлесіп жүзеге асыруда. Жоба түрлі елдердің өкілдері мен музыкалық дәстүрлерін бір сахнада тоғыстырады.
2025 жылы байқаудың жеңімпазы Моңғолиядан келген қатысушы Мишель Джозеф атанды.