Басты бетПІБ жүйесіндегі ұйымдар еліміздің үш өңірінде ауқымды сенбіліктер өткізді

ПІБ жүйесіндегі ұйымдар еліміздің үш өңірінде ауқымды сенбіліктер өткізді

ПІБ жүйесіндегі ұйымдар еліміздің үш өңірінде ауқымды сенбіліктер өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ұйымдардың қызметкерлері биыл 21-ші рет Астана, Алматы қалаларында және Бурабайда ұйымдастырылған дәстүрлі апта сайынғы сенбіліктерге қатысты.

Экологиялық акцияларға 300-ге жуық адам атсалысты.

Елордада «Астана-20» Мемлекеттік қорының, Медициналық орталығы ауруханасының, Құрылтайдың шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің Автошаруашылық мекемесі мен Инженерлік орталығының қызметкерлері қалалық қар полигонының аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Алматыда Almaty Resort шипажайының қызметкерлері сауықтыру орнының аумағын абаттандыру жұмыстарына қатысты. Ал Әкімшілік ғимараттар дирекциясының Алматы филиалы «Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында Түрксіб ауданындағы Қарасу өзенінің жағалауын және жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстан тазартты.

Бурабайда «Бурабай Даму» ЖШС қызметкерлері волонтерлермен бірге Текекөл көлінің маңындағы «Ақбура» саябағының аумағын тазалап, су айдынына іргелес аумақты ретке келтірді.

Айта кетейік, сенбіліктер барысында қатысушылар тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын, қураған бұтақтар мен басқа да қоқыстарды жинап, жалпы саны 330-ға жуық қап қалдық шығарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ұйымдардың қатысуымен экологиялық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.