2026 жылдың сегіз айында Health Resort by Qazwell желісінің шипажайларында 20 мыңға жуық адам сауықтыру шараларынан өтті. Олардың мыңнан астамы шетелден келген. Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Бурабай, Алматы және Ессентуки қалаларындағы курорттары бірыңғай бренд аясында дамып келеді. Алдағы уақытта желінің географиясы Ыстықкөл жағалауындағы жаңа шипажаймен толығады.
Health Resort by Qazwell желісіне Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайы, Алматыдағы Almaty Resort және Ессентукидегі «Қазақстан» шипажайы кіреді. Қазіргі уақытта Ыстықкөлде жаңа «Қазақстан» шипажайының құрылысы да жүргізіліп жатыр.
Әрбір курорт өз өңірінің табиғи мүмкіндіктерін пайдаланады, сонымен қатар бүкіл желі бірыңғай қағидат бойынша дамып келеді. Медициналық диагностика, профилактика, емдеу және оңалту wellness және SPA бағдарламаларымен, сондай-ақ толыққанды курорттық демалыспен үйлестірілген. Мұндай формат бұрыннан бар ауруларды емдеумен қатар, профилактикаға, ағзаны қалпына келтіруге және өмір сапасын арттыру үшін өсіп келе жатқан сұранысты қамтуға мүмкіндік береді.
2026 жылы шипажайлар медициналық бағдарламаларын кеңейтіп, емдеу мен ағзаны қалпына келтірудің жаңа әдістерін енгізді. «Оқжетпесте» жасанды интеллектіні қолдану арқылы денсаулық жағдайын цифрлық бағалау, «Айқын ой» және «Сымбат» кешендері, сондай-ақ буын ауруларын емдеуге арналған Текар-терапия енгізілді. Жаңа әдістерді 960-тан астам адам пайдаланып үлгерді.
Almaty Resort-та лазерлік терапияға арналған «КОМБИ» аппараты орнатылып, психологиялық қолдау бағыты даму үстінде. Ессентукидегі «Қазақстан» шипажайында остеоартрозды емдеудің бальнеологиялық-балшықпен емдеу мен соққы-толқынды терапияны біріктіретін кешенді тәсілі қолданылады.
Әртүрлі локациялар желіге климаттық, табиғи және бальнеологиялық факторларды заманауи медициналық инфрақұрылыммен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бурабай, Алматының тау бөктері мен Кавказ Минералды Сулары ағзаны қалпына келтіруге әртүрлі мүмкіндік ұсынады. Ал Ыстықкөлдегі шипажай ашылғаннан кейін оларға тағы бір курорттық бағыт қосылады.
Бұл ретте Health Resort by Qazwell жекелеген шипажайлардың жиынтығы ретінде емес, бірыңғай желі ретінде дамып келеді. Ортақ бренд медициналық бағдарламалар мен қызмет көрсету саласында бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға, жаңа сауықтыру өнімдерін дамытуға және курорттарды ішкі әрі халықаралық нарықтарда бірлесіп ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Келесі кезеңде медициналық және wellness бағдарламаларын одан әрі дамыту, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық нарықта ілгерілету ауқымын кеңейту көзделіп отыр. Ыстықкөлдегі шипажайдың ашылуы Health Resort by Qazwell желісінің географиясын төрт курорттық бағытқа дейін кеңейтіп, сауықтыру туризмі саласындағы мүмкіндіктерін арттырады.