Басты бетПІБ жүйесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-шы сенбілігін өткізді

ПІБ жүйесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-шы сенбілігін өткізді

ПІБ жүйесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-шы сенбілігін өткізді ПІБ жүйесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-шы сенбілігін өткізді ПІБ жүйесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-шы сенбілігін өткізді ПІБ жүйесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20-шы сенбілігін өткізді

29 тамызда Астана мен Алматы қалаларында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Аумақтарды тазарту жұмыстарына Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдардың 150-ге жуық қызметкері қатысты.

Астанада Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының, Инженерлік-техникалық орталықтың және Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының қызметкерлері Нәжімеденов және Шаймерденов көшелерінің маңындағы қар полигонының аумағын тазалады.

Алматыда «Совминка» қызметкерлері Құрманғазы және Панфилов көшелерінің арасындағы аумақты ретке келтірді.

Сенбілікке қатысушылар аумақтарды тұрмыстық қоқыстан, қураған ағаштардан және басқа да ластанулардан тазартты. Жұмыс қорытындысы бойынша 170-тен астам қап қоқыс жиналып, шығарылды.

Айта кетейік, 2026 жылдың басынан бері Іс басқармасына қарасты ұйымдар 20 сенбілік өткізіп, оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Осы кезеңде шамамен 4 500 қап қоқыс жиналып, шығарылды.