Ағымдағы жылдың 18-19 сәуірінде «Алатау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 20 жылдығына арналған шағын футболдан турнир өтті. Іс-шараға ведомстволық қарасты ұйымдардың 16 командасы қатысты.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Б. Князбаев турнирді ашу сөзінде қатысушыларға жақсы ойын мен мен сәттілік тіледі.
«ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК командасы бәсекелі додада алға шығып, турнир кубогын жеңіп алды.
Екінші орынды «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» МҚ командасы иеленіп, үшінші орынға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы қол жеткізді.
Жеңімпаздарға спорттық кубоктар, «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына 20 жыл» символикасы бар медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.