Басты бетҚасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президентімен кездесті

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл-Тәнимен кездесті.

Кездесу барысында Президент FIBA-ның Қазақстандағы баскетболды дамытуға көрсетіп отырған қолдауын жоғары бағалады. Сондай-ақ Сауд Али Әл-Тәниге Қазақстанның Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін алғыс білдірді.