Басты бетАстанада алғашқы рет ашық үлгідегі кедендік қоймалар ашылды

Астанада алғашқы рет ашық үлгідегі кедендік қоймалар ашылды

ҚР Президенті Іс басқармасының «Қазқұрылысжүйесі» АҚ Астана қаласында алғашқы болып ашық үлгідегі кедендік қоймаларды пайдалануға берді, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

Аталған қоймалар 3 жылға дейінгі мерзімде кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз және тарифтік емес реттеу шараларын қолданусыз компаниялар мен жеке тұлғалардың шетелден әкелінген кез келген тауарының кедендік бақылауда сақталуына мүмкіндік береді. 

для пресс релиза в уд 111111.png

Кедендік қойманың кедендік рәсіміне орналастырудың төмендегі ерекшеліктеріне байланысты шетелден әкелінген жүкті кедендік ресімдеу және сақтау шығындарын оңтайландыруды қажет ететін тұлғаларға қолайлы болып табылады: 

1) бүкіл тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты оны иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқықтарын беру көзделетін мәмілелер жасауға болады;
2) тауарларды толықтай немесе ішінара басқа да рәсімге орналастыруға болады; 
3) бұдан бұрын басқа кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды орналастыруға болады;
4) Қазақстан Республикасының және Кеден одағының қолданыстағы кеден заңнамасында қарастырылған жағдайда кеден аумағында уақытша әкелу немесе қайта өңдеу кедендік рәсімдерінің қолданылуын тоқтата тұру мақсатында шетелдік тауарларды орналастыруға болады; 
5) Кеден органының жазбаша рұқсаты бар болған жағдайда көлемі ірі болуынан кедендік қоймада орналастыруға келмейтін тауарларды нақты түрде орналастырусыз кедендік қойманың кедендік рәсіміне орналастыруға жол беріледі;
6) Экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған Кеден одағының тауарларын алты ай ішінде кедендік қоймада сақтауға жол беріледі; 

Сонымен бірге, терминалдың орналасу орнының үлкен артықшылығы бар, ауданы 8 га толықтай асфальт төселген аумақ Астана теміржол станциясының сұрыптау паркіне жанасып, Алматы-Екатеринбург автожолына шығу үшін ең қысқа асфальт төселген жолы бар.

Сонымен қатар, терминал аумағында уақытша сақтау қоймалары және әртүрлі үлгідегі қоймалық орын-жайлар – жылы қоймалар, ангарлар, тоңазытқыштар бар және «бір терезеден» қағидаты бойынша логистикалық қызметтердің толық кешені көрсетіледі. 

«Қазқұрылысжүйесі» АҚ-тың қоймалары клиенттердің тауарлары мен көлік құралдарының абсолюттік сақталуына кепілдік беретін және 24/7 режимінде жұмыс істейтін ең жаңа IP-бейнебақылау жүйесімен жабдықталғанын атап өту қажет.