Басты бетМТАЖО медицина мамандарының цифрлық құзыреттерін дамытуда

МТАЖО медицина мамандарының цифрлық құзыреттерін дамытуда

МТАЖО медицина мамандарының цифрлық құзыреттерін дамытуда МТАЖО медицина мамандарының цифрлық құзыреттерін дамытуда МТАЖО медицина мамандарының цифрлық құзыреттерін дамытуда

Цифрлық технологиялар денсаулық сақтау саласының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Электрондық медициналық деректер, пациенттің цифрлық бейіні, қашықтан мониторинг жүйелері мен жасанды интеллект медицина мамандарының күнделікті жұмысында кеңінен қолданылуда. Бұл ретте жаңа технологияларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалана алатын мамандарға деген сұраныс та артып отыр.

Осы бағытта «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ (МТАЖО) медицина қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары мен практикалық семинарлар өткізіп келеді.

Тамыз айында ПІБ қарасты Медициналық орталығының ауруханасында медицина мамандарына арналған кезекті семинар өтті. «Пациенттің цифрлық бейіні денсаулықты дербестендіріп басқару құралы ретінде» тақырыбындағы кездесуге 50-ге жуық дәрігер, орта буын медицина қызметкері және УДП РК-ға қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының пациенттің цифрлық бейіні бөлімінің меңгерушісі Асель Абакова цифрлық бейіннің қалыптасу тәртібін түсіндіріп, түрлі медициналық ақпараттық жүйелерден алынған деректерді біріктіру және оларды медициналық шешімдер қабылдау кезінде пайдалану мүмкіндіктеріне тоқталды.

Практикалық бөлімде цифрлық денсаулық сақтаудың негізгі құралдары қарастырылды. Қатысушылар HL7 FHIR, SNOMED CT және ICD халықаралық стандарттарымен танысып, электрондық медициналық карталар, қашықтан мониторинг жүйелері, киілетін құрылғылар және медицинадағы жасанды интеллект мүмкіндіктерін талқылады.

Цифрландыру медицина саласына жаңа мүмкіндіктер әкелгенімен, медициналық ақпаратпен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды да күшейтеді. Әсіресе деректердің қауіпсіздігі, құпиялылығы және оларды пайдалануға жауапкершілік маңызды.

«Цифрлық трансформацияның нәтижесі тек технологияға емес, оны қолданатын мамандардың құзыретіне де байланысты. Сондықтан цифрлық құралдарды меңгерумен қатар медициналық деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын сақтауға ерекше мән беру қажет», – деп атап өтті МТАЖО сарапшылары.

Медицина қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін арттыру жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері МТАЖО ұйымдастырған білім беру іс-шараларына 5 мыңға жуық маман қатысты. Олар заманауи цифрлық құралдармен танысып, оларды кәсіби қызметте тиімді қолдану тәсілдерін меңгерді.

МТАЖО цифрлық денсаулық сақтау саласындағы білім беру жұмыстарын жалғастырады. Алдағы кезеңде жасанды интеллект, медициналық деректермен жұмыс істеу, цифрлық технологиялар және заманауи шешімдерді медицинада практикалық қолдану негізгі бағыттардың қатарында болады.