Басты бетҚР ПІБ спартакиадасы аясында шағын футболдан турнир өтті

ҚР ПІБ спартакиадасы аясында шағын футболдан турнир өтті

ҚР ПІБ спартакиадасы аясында шағын футболдан турнир өтті

22 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарыс ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында ұйымдастырылды.

Турнирге 13 команда қатысты. Алғашқы кезеңде қатысушылар төрт топта сынға түсіп, одан кейін үздік командалар плей-офф пен финалдық ойындарға жолдама алды.

Ойындар тартысты әрі қарқынды өтті. Қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын, командалық бірлігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Президент Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы
II орын – «Бурабай Даму»
III орын – Медициналық орталығы

Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша жекелеген аталымдар бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік сұрмерген – Қазбек Бакарам, ҚР ПІБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы;
Үздік шабуылшы – Иван Смоляк, «Бурабай Даму»;
Үздік қорғаушы – Оналбек Жақсылық, Медициналық орталығының ауруханасы;
Үздік қақпашы – Асхат Омаров, Президент телерадиокешені.

ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін біріктіріп, командалық өзара іс-қимылды дамытуға, корпоративтік рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Спартакиада жыл соңына дейін жалғасады. Алда жүзу, күрес және волейбол жарыстары өтеді.