Басты бетПІБ қарасты ұйымдарының қызметкерлері Қар полигонында сенбілік өткізді

ПІБ қарасты ұйымдарының қызметкерлері Қар полигонында сенбілік өткізді

ПІБ қарасты ұйымдарының қызметкерлері Қар полигонында сенбілік өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ұйымдар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шараларға қатысуды жалғастыруда.

Кезекті сенбілік елорданың Нәжімеденов және Шаймерденов көшелері маңында орналасқан қар полигонының аумағында өтті.

Іс-шараға Президенттің Телерадиокешенінің, Медициналық орталықтың Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Парламентаризм институтының және Медициналық орталығы ауруханасының 100 қызметкері қатысты.

Сенбілік барысында қатысушылар полигон аумағы мен оған іргелес учаскелерді жиналып қалған қоқыстан тазартты. Пластик және шыны бөтелкелер, полиэтилен пакеттері, қағаз қалдықтары, орама материалдары және басқа да тұрмыстық қоқыс жиналды. Сенбілік қорытындысы бойынша шамамен 150 қап қоқыс шығарылды.

Президент Іс басқармасында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ведомствоға қарасты ұйымдардың қатысуымен өткізілетін экологиялық іс-шаралардың жүйелі сипатқа ие. Олар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткізіліп, Қазақстанның әртүрлі өңірлерін қамтиды.