Жезқазғанда 18–19 тамыз күндері Президенттің Телерадиокешенінің 30 жылдығына орай Президенттің Телерадиокешені ұйымдастырған «Шежіреден болашаққа» республикалық кинолекториясы өтуде.
Қала тұрғындарына Президенттің Телерадиокешенінің деректі кино орталығы - кешеннің жеке продакшн базасы түсірген деректі фильмдер ұсынылды. Бағдарламаға «ARAL», «ҚУАТТЫ СЕРІКТЕС», «ЖОЛБАРЫС: ИЗ ТАЙГИ В СТЕПЬ» және «СЕРТ» фильмдері енді.
Фильмдер Қазақстанның қазіргі өмірін көрсететін адамдар, маңызды оқиғалар мен өзекті тақырыптар туралы баяндайды. Көрермендер деректі хикаялармен танысып қана қоймай, фильм авторларымен бірге оларды талқылауға мүмкіндік алды.
Кинолекторияның ерекшелігі - көрермендердің авторлармен және түсірілім тобының мүшелерімен тікелей пікір алмасу мүмкіндігі. Мұндай формат көрермендерге фильмдердің қалай түсірілгені, олардың кейіпкерлері мен негізге алынған оқиғалар туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.
«Шежіреден болашаққа» республикалық кинолекториясы Қазақстанның 20 қаласын қамтиды. Жоба деректі кино арқылы елдің визуалды шежіресін қалыптастыруға, Қазақстанның тарихы, адамдары, оқиғалары мен қазіргі өмірі туралы хикаяларды сақтауға бағытталған.
Жезқазғандағы іс-шара деректі кино көрермендерге таныс шынайылыққа адамдардың нақты оқиғалары мен тағдырлары арқылы жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берген кезекті алаңға айналды.