Басты бет«Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда

«Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда

«Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда «Таза Қазақстан»: ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдар Астана мен Алматыда экологиялық бастаманы жалғастыруда

Акция аясында 18-ші сенбілік ұйымдастырылып, оған ҚР ПІБ-ға қарасты ұйымдардың — «ҚР Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің, ҚР ПІБ МО Ұлттық госпиталінің, ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК және «Астана-20» мемлекеттік қорының 150-ге жуық қызметкері қатысты.

Сенбілікке қатысушылар Астана мен Алматы қалаларындағы аумақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Елордада жұмыстар Нәжімеденов және Шаймерденов көшелері ауданындағы қар полигонының аумағында, сондай-ақ Байтұрсынов көшесі, 41/1 мекенжайында орналасқан «Қарлығаш» балабақшасының аумағында жүргізілді.

Алматыда Бәйсейітова, Жамбыл, Қабанбай батыр және Панфилов көшелері ауданындағы саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, қалалық ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Астана мен Алматы қалаларында барлығы 210 қап қоқыс жиналып, шығарылды.

ҚР ПІБ жүйесіндегі ұйымдардың «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы жүйелі сипатқа ие. Экологиялық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіліп, орталық аппарат пен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлерін біріктіреді.