Басты бетҚазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінд...

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде семинар өтті

2015 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдардың іс жүргізушілері мен мұрағатшылары үшін «Ұйымдарда құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының өкілдері – Астана қаласындағы басқарма басшысы С.Ж. Әубәкіров, басқарма қызметкерлері Ж.А. Сатаева, Г.Ө. Құдайбергенова, А.А. Ермағанбетова семинар жұмысына белсене ат салысты.

Іс-шара барысында мұрағаттық іс жүргізудің өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқылып, ведомстволық мұрағатты ұйымдастыру жөнінде практикалық ұсынымдар берілді, сондай-ақ істер номенклатурасын жасау жөнінде практикалық оқу өткізілді. 

Семинар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, тыңдаушылар іс жүргізу және мұрағат ісі жөнінде нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу, істер номенклатурасын жасау, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, құжаттар мен істерді дайындап, ведомстволық мұрағатқа тапсыру мәселелері бойынша өздеріне көп пайдалы мағлұмат алды.

Семинар соңында тыңдаушылар ұйымдарда құжаттардың ведомстволық сақталуын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді.