Басты бетМәслихат депутаттары өңірлердегі мәселелерді тиімді шешуге үйренді

Мәслихат депутаттары өңірлердегі мәселелерді тиімді шешуге үйренді

Мәслихат депутаттары өңірлердегі мәселелерді тиімді шешуге үйренді Мәслихат депутаттары өңірлердегі мәселелерді тиімді шешуге үйренді Мәслихат депутаттары өңірлердегі мәселелерді тиімді шешуге үйренді Мәслихат депутаттары өңірлердегі мәселелерді тиімді шешуге үйренді

Парламентаризм институтында мәслихат депутаттары мен олардың аппараттары қызметкерлеріне арналған практикалық тренингтер сериясы аяқталды. Оқыту Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Тренингтерде депутаттардың күнделікті жұмысына қажетті практикалық дағдыларға басымдық берілді. Қатысушылар заңнаманы талдауды, мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеуді, бюджеттік процестермен жұмыс істеуді және тұрғындармен тиімді байланыс орнатуды пысықтады.

Оқыту аясында мәслихат сессиясының үлгісі ұйымдастырылды. Қатысушылар топтарға бөлініп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нақты мәселелерді талдап, оларды шешуге бағытталған ұсыныстар әзірледі.

Талқылау барысында жылумен жабдықтаудың сенімділігі, жылу желілерінің тозуы, электрмен жабдықтау сапасы, ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдардың жағдайы, кәріз және нөсер су жүйелері, көшелерді жарықтандыру, апатты тұрғын үй және тарифтік саясат мәселелері қаралды.

Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің энергия тиімділігі, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, мүгедектігі бар адамдар үшін коммуналдық инфрақұрылымның қолжетімділігі және бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы талқыланды.

Тренингтің тағы бір бөлігі заманауи мәселелерге арналды. Парламентаризм институтының сарапшылары қазіргі сайлау жүйелері, жасанды интеллектіні қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы айтып, Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» Заңына сәйкес осы саладағы жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.

Депутаттық әдеп, мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне де жеке назар аударылды.
Тренингтерге Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зауреш Батталова, Парламентаризм институты директорының кеңесшісі Ляззат Сулеймен және онлайн форматта сөз сөйлеген Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, Елші Алексей Рогов спикер ретінде қатысты. 

Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталып, депутаттық қызметте қолдануға арналған практикалық ұсынымдар әзірленді. Парламентаризм институты мәслихат депутаттары мен олардың аппараттары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.