Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Наурыз мейрамының қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы М. Әйтенов құттықтады.

М.Әйтенов айтқандай, ағымдағы жылы елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы жарияланғандықтан, бүгінгі мерекелік іс-шара Қазақстан халқының бірлігіне арналып ұйымдастырылды.






Мерекелік концерт Іс Басқармасы қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылды.





Сондай ақ, іс-шара аясында ұлттық қолөнер бұйымдарының және әр ұлттың тағамдарының көрмелері, «Астана Өнім» АҚ өнімдерінің жәрменкесі өтті.
