Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ OРТАЛЫҒЫНЫҢ АУРУХАНАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ OРТАЛЫҒЫНЫҢ АУРУХАНАСЫ

https://moa.qr-pib.kz/ 

https://taplink.cc/bmcudprk 

https://www.instagram.com/bmcudprk/ 

https://www.facebook.com/bmcudp.kz

 

«Қазақстан Республикасы Президентінiң Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК ШЖҚ Қазақстанның елордасы Алматы қаласынан көшуіне байланысты 1997 жылы 29 желтоқсанда Астана қаласында (Нұр-Сұлтан қ-сы) ашылған.

Аурухана 2015 жылдың наурыз айынан бастап жаңа ғимаратта орналасқан және ҚР ересек азаматтарына, сондай-ақ шетелдік пациенттерге медициналық көмек көрсететін заманауи көп салалы емдеу мекемесі.

Аурухана ТМККК және МӘМС аясында жұмыс істейді. Сонымен қатар, Ауруханада ақылы және шарттық негізде қызметтер көрсетіледі.

Аурухана амбулаториялық-емханалық, оның ішінде консультациялық-диагностикалық, стационарлық, стационарды алмастыратын, жедел медициналық көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсетеді.

Аурухананың емдеу-диагностикалық бөлімшелері заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, барлық дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері жұмысқа орналасу кезінде біліктілік талаптары бойынша қатаң іріктеуден өтеді. Аурухана штатында медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары, біліктілік санаты жоғары және бірінші дәрежелі дәрігерлер қызмет атқарады. Мамандар жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында оқып, біліктіліктерін арттырып отырады.

Аурухананың негізгі қызметі - көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолында инновациялық жобалар мен технологияларды енгізу және табысты іске асыру, операциялық емшараларды оңтайландыру және емдеу процесін жаңғыртуға бағытталған. Қазіргі уақытта Ауруханада жасалатын операциялардың 90% - дан астамы эндоскопиялық технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі. Диагностикалық алгоритмдер мен емдеу схемалары дәлелді медицина қағидаттарына негізделген.

Емханада онкологиялық патологиясы бар науқастарды ерте анықтау және уақтылы емдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта Назарбаев Университеті және ғылыми зерттеулер саласындағы Ұлттық биотехнологиялар орталығымен тығыз жұмыс жүргізуде. Аурухана ғылыми қызметті жүзеге асыратын субъект ретінде аккредиттеу туралы куәлік алды.

2018 жылдан бастап дербестендірілген геномдық диагностика зертханасы табысты жұмыс істеуде, оның базасында әртүрлі ауруларға генетикалық бейімділікті айқындау, дәрілік заттарға сезімталдықты анықтау және таргеттік терапияны таңдау, тұқым қуалайтын ауруларды болжау, гендік деңгейде онкологиялық ауруларды диагностикалау бойынша NGS-технологияларды қолдана отырып, жоғары технологиялық молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізу практикаға енгізілді.

2018 жылдың қазан айында Аурухана базасында Қазақстандық халықаралық референстік және роботтандырылған хирургия оқу орталығы ашылды. Ауруханада орнатылған роботтандырылған жүйесі урология, гинекология және жалпы хирургияда лапароскопиялық робот-ассисттелген операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Елімізде алғаш рет эндоскопиялық тіректер және роботтандырылған оқу жүйесі, заманауи аспаптардың қажетті жинақтары және тігуге арналған материалдармен жабдықталған операциялық үстелдерде in vivo хирургиялық манипуляциялар жүргізу дағдыларын пысықтауға арналған зертхана ашылды.

Диагностикадағы инновациялық тәсілдердің бірі ядролық медицинаны дамыту болып табылады. Аурухананың Ядролық медицина орталығында циклотронды радиоактивті изотоптарды синтездеу, радийфармпрепараттарды синтездеу, компьютерлік томографиямен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитронды эмиссиялық томография және компьютерлік томографиямен (БФЭКТ/КТ) біріктірілген бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография жүргізу бойынша кәсіби дайындалған кадрлар жұмыс істейді.

ПЭТ / КТ патологиялық процестің дамуының алғашқы кезеңдерінде әртүрлі органдар мен тіндерде пайда болатын функциялық және морфологиялық өзгерістерді анықтауға, оның негізінде диагностиканы жүзеге асыруға, тиісті емді негіздеуге және уақтылы тағайындауға мүмкіндік береді. Онкологиялық тәжірибеде ПЭТ/КТ көмегімен бүкіл денені зерттеу барысында кез келген тұста шоғырланған ошақтағы ісік пен метастаздарды анықтауға болады.

БФЭКТ / КТ (гамма-камера) – заманауи радионуклидтік диагностиканың негізгі құралы. Гамма-камералар онкологиялық, жүрек-тамыр және адамның басқа да ауруларын ерте диагностикалау үшін пациенттің денесінің ішкі мүшелері мен физиологиялық жүйелеріндегі радийфармпрепараттардың кинетикасын визуализациялауға және зерттеуге арналған.

2021 жылдан бастап заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған, CHECK-UP диагностикасының жаңа бөлімшесі жұмыс істейді, ол қысқа мерзімде CHECK-UP диагностиканың барлық кезеңдерін бір бөлімшеде өтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Ауруханада нейрохирургия және эпилепсияны емдеу, гибридті жүрек-қантамыр хирургиясы, медициналық оңалту (кардио-оңалту, нейро-оңалту, жарақаттан кейін оңалту), эндоскопия, МРТ және КТ диагностикасы, шағын инвазиялық хирургия және т.б. сияқты бағыттар белсенді дамуда.

Аурухана 2016 жылғы 9 сәуірде JCI медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкестігіне аккредитация алды; 2014 жылғы 19 қарашада ұлттық аккредитациядан өтті.

Жылдан жылға Аурухана клиникалық көрсеткіштер бойынша да, менеджмент көрсеткіштері бойынша да Қазақстан Республикасының стационарларық қызметінің рейтингтік бағалау тізімінде жетекші орын алады.

Миссиясы

Диагностика, емдеу мен оңалтудың жоғары технологиялық әдістерін қолдана отырып, тиімді профилактика және медициналық көмек көрсету арқылы халық денсаулығын жоғары деңгейге жеткізу. 

Мүддесі

Сапа мен госпитальдық менеджменттің ұлттық және халықаралық стандарттарына, ғылым, білім беру және инновация саласында көшбасшы болуға негізделген медициналық көмек көрсетудің пациентке бағытталған жүйесіне ие бірегей көпбейінді клиника.