Қалалық қар полигонының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдардың кезекті 17-ші сенбілігі өтті.
Іс-шараға Әкімшілік ғимараттар дирекциясының, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының және Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының 100 қызметкері қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар белгіленген аумақта санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Полигон аумағында жиналған тұрмыстық және құрылыс қалдықтары тазартылып, арамшөптер шабылды. Жұмыс қорытындысы бойынша 360-тан астам қап қоқыс жиналды.
ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесіндегі ұйымдардың қатысуымен экологиялық іс-шаралар апта сайын өткізіліп келеді. Сенбіліктер әртүрлі қоғамдық және іргелес аумақтарда ұйымдастырылып, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы абаттандыру және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды.