Басты бет«Болашақ ойындары-2026» турнирін жер шарының жарты миллиардқа жуық көрермені тамашалайды

«Болашақ ойындары-2026» турнирін жер шарының жарты миллиардқа жуық көрермені тамашалайды

«Болашақ ойындары-2026» турнирін жер шарының жарты миллиардқа жуық көрермені тамашалайды «Болашақ ойындары-2026» турнирін жер шарының жарты миллиардқа жуық көрермені тамашалайды «Болашақ ойындары-2026» турнирін жер шарының жарты миллиардқа жуық көрермені тамашалайды «Болашақ ойындары-2026» турнирін жер шарының жарты миллиардқа жуық көрермені тамашалайды

Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турнирін бүгінге дейін әлем бойынша шамамен 124 миллион көрермен тамашалаған. Ұйымдастырушылардың болжамынша, жарыс аяқталғанға дейін трансляциялардың жиынтық аудиториясы 430-490 миллион қаралымға жетеді. Бұл Қазақстан тарихындағы ең ауқымды медиаоқиғалардың біріне айналмақ.

Осындай ауқымдағы телевизиялық өндірісті Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің заманауи техникалық инфрақұрылымы қамтамасыз етіп отыр. Алғаш рет осындай ірі халықаралық іс-шарада жаңа жылжымалы телевизиялық станциялар (ЖТС) пайдаланылуда. Олар әлемдік деңгейдегі тікелей эфирлерді ұйымдастырудың негізгі техникалық платформасына айналды.

Жаңа ЖТС көмегімен дайындалған телевизиялық сигналды 56 халықаралық медиасеріктес, 161 ресми community-стример және турнирдің төрт жеке арнасы таратады. Жалпы дистрибуция желісі 221 платформаны қамтиды. Шетелдік серіктестер қатарында Қытайдың HUYA, bilibili, Douyu және CMG (Yangshipin) платформалары, Бразилияның Play TV арнасы, сондай-ақ BIGG TV, Likee, Silk Way TV, TrillerTV сияқты жаһандық платформалар бар. Қазақстанда турнирдің көрсетілімін QazSport, QAZAQSTAN, Khabar, Astana TV, Jibek Joly, Freedom Media, Kinopoisk, Rutube, VK Play, Match TV, MIR TV, OKKO және басқа да медиаалаңдарды қоса алғанда, 21 телеарна мен цифрлық платформа қамтамасыз етіп отыр.

Жаңа ЖТС жарыстарды, ашылу және жабылу салтанаттарын көпкамералы форматта түсіруді, эфирлік графиканы қалыптастыруды, дыбысты өңдеуді және телевизиялық сигналды отандық әрі шетелдік хабар таратушыларға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Іс жүзінде әрбір спорт нысанында халықаралық ең жоғары талаптарға сай жұмыс істейтін толыққанды мобильді телецентр жасақталған.

«Біздің міндетіміз – жабдықты жарыс өтетін алаңға жеткізумен ғана шектелмей, кез келген деңгейдегі күрделі телевизиялық өндірісті қамтамасыз ете алатын толыққанды мобильді телецентрді іске қосу. Бүгінде Қазақстан мобильді хабар тарату саласында үздік халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін технологияларға ие», – дейді Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені техникалық жарақтандыру жөніндегі директор орынбасары Қайрат Мақажанов.

Мұндай кешендердің тиімді жұмысы олардың үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін мамандардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Инженерлер, режиссерлар, бейнеинженерлер, дыбыс режиссерлары, операторлар мен техникалық қызметкерлер ондаған сигнал көзін бір мезгілде басқарып, әлемдік аудитория үшін жарыстардың тұрақты әрі сапалы трансляциясын қамтамасыз ететін біртұтас команда ретінде жұмыс істейді.

«Болашақ ойындары-2026» турнирінде жаңа ЖТС-тің қолданылуы Президент Телерадиокешенінің техникалық базасын жаңғыртудың тиімділігін алғаш рет осындай ауқымда дәлелдеді. Заманауи мобильді телецентрлердің арқасында Қазақстан халықаралық деңгейдегі телевизиялық контентті өз күшімен өндіріп, әлемдік аудиторияға ең ірі спорттық-технологиялық оқиғалардың бірін жоғары сапада ұсына алды.