Басты бетСанкт-Петербургте Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фотокөрме ашылды

Санкт-Петербургте Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фотокөрме ашылды

Санкт-Петербургте Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фотокөрме ашылды Санкт-Петербургте Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фотокөрме ашылды Санкт-Петербургте Байқоңыр ғарыш айлағы туралы фотокөрме ашылды

Бүгін Қазақстан — Ресей ІІІ медиа форумы аясында ресейлік және қазақстандық фотографтардың «Ғарышты игеру ресейлік және қазақстандық фотографтардың көзімен» атты фотокөрме ашылды.

Фотокөрме — Қазақстан Президентінің Телерадиокешені мен ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің бірлескен жобасы. Байқоңыр тарихын көрсететін экспозицияға екі медиақұрылым ұсынған бірегей фотосуреттер кірді.

Көрмені Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева және ИТАР-ТАСС бас директоры Андрей Кондрашов ашты.

Раушан Қажыбаева іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде көрмені медиафорум аясында өткізудің маңыздылығын атап өтті. Себебі кәсіби диалог, мәдениет және БАҚ сенімді нығайтуға және тарихи естелікті сақтауға үлес қосады.

Президент ТРК директоры Байқоңыр ғылыми прогресс, батылдық және Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихының символы болып қала беретінін атап өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан мен Ресей арасындағы достыққа, тату көршілікке және өзара тиімділікке негізделген ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісі екенін атап өткен болатын.

— Қазақстан үшін Байқоңыр — ерекше мақтаныш, ал Ресей үшін бұл ғарыш тарихындағы маңызды тарау. Бұл сенім, серіктестік және дамуға ортақ міндеттеме болған кезде қаншалықты көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын еске салады. Байқоңыр ғарыш айлағы, ең алдымен, осы әсерлі тарихты жасаған адамдар. Ғарышкерлер, инженерлер және зерттеушілермен қатар, Байқоңырды жаһандық және ұлттық жадта мәңгілікке қалдырған тілшілер мен фотографтарды атап өткен жөн. Фотосуреттің таңғажайып күші бар. Ол уақытты тоқтатып, дәуір тынысын бейнелейді. Әрбір фотосуретте жаңалықтар энергиясы бар, әр кадр адамзатты жұлдыздарға жақындатқан адамдар туралы естелігін бейнелейді, — деді Р. Қажыбаева.

ИТАР-ТАСС бас директоры Андрей Кондрашовтың айтуынша, көрменің тақырыбы Байқоңырға арналғаны кездейсоқ емес, себебі ғарыш айлағы — Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихындағы маңызды тарау. А.Кондрашов елдер ғарыш саласында, соның ішінде «Бәйтерек» бірлескен жобасы арқылы ынтымақтастығын жалғастырып жатқанын атап өтті.

— Өткен жылы біз Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығын атап өттік, ал биыл ғарышқа ұшқан алғашқы адам Юрий Алексеевич Гагариннің ғарышқа ұшуының 65 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Айта кететін жайт, биылғы жылы қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуының 35 жыл толды. Біздің фотографтарымыз ғарышты игерудің бүкіл тарихын баяндайтын бірқатар керемет суреттер жасады, — деді Андрей Кондрашов.

Бірлескен фотокөрмеде Байқоңыр тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін фотосуреттер қойылған: Юрий Гагарин алғашқы старт алдында түскені, 1991 жылы халықаралық экипаждың ұшуы алдында ғарышкерлер, зымыран-тасығыштардың ұшырылуы, сондай-ақ ғарыш айлағындағы адамдар мен оның күнделікті өмірін бейнелейтін суреттер. Олардың арасында Сергей Королевтің Байқоңырдағы үйінің интерьері және орбитаға ұшқан заманауи экипаждардың фотосуреттері бар.

Көрмеге алғашқы келушілер қатарында Қазақстан-Ресей ІІІ медиа форумының қатысушылары — тиісті министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейден 40-тан астам телерадиокомпания, ақпарат агенттіктері, онлайн басылымдар, газеттер және зерттеу орталықтарының басшылары болды.