Басты бетПарламентаризм институтында халықаралық медиацияны дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Парламентаризм институтында халықаралық медиацияны дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Парламентаризм институтында халықаралық медиацияны дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті Парламентаризм институтында халықаралық медиацияны дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Парламентаризм институты «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы медиацияның рөлі: ядролық қарусыздануға бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 15 жыл және Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Республикалық медиация кеңесінің, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, Astana International University өкілдері, сондай-ақ кәсіби медиаторлар қауымдастығының мүшелері мен шетелдік сарапшылар қатысты.

Іс-шараны ашқан Парламентаризм институтының Жария құқық және мемлекеттік басқару орталығының басшысы, PhD Шолпан Саймова медиацияның превентивті дипломатияның, қақтығыстардың алдын алудың және өзара сенімді нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызының артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар дауларды бейбіт жолмен реттеу саласындағы ғылыми, құқықтық және практикалық әлеуетті біріктіретін сараптамалық-дипломатиялық алаң ретінде Халықаралық медиация хабы тұжырымдамасына ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында Қазақстандағы және шетелдердегі медиацияны дамыту, этномедиацияны қолдану, қақтығыстарды реттеудің құқықтық және психологиялық тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық тәжірибеде медиациялық технологияларды пайдалану мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар Қазақстанның бітімгерлік қызмет, этносаралық диалогты дамыту және ядролық қаруға қарсы бастамаларды ілгерілету саласындағы мол тәжірибесі халықаралық медиация мен сенім дипломатиясын дамытуға берік негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ғылыми-сараптамалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, кәсіби медиацияны дамытуға және қақтығыстардың алдын алу мен оларды бейбіт жолмен реттеудің заманауи тетіктерін енгізуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.