Этнодәмхананың мақсаты шетел делегациялары мен елорда қонақтарына қазақ халқы дәстүрлерінің ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Дәмхана дизайны ұлттык стильде безендіріліп, киіз үй ретінде жасалған.
Интерьерде ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары (көрпе, жастық, дастархан), сондай-ақ ұлттық стильде жасалған ыдыс пайдаланылған.
Этнодәмхананың ас мәзіріне бауырсақ, шелпек, самса, ет, құрт, жент, ірімшік сияқты қазақ халқының ұлттық тағамдары және басқада «Астана-Өнім» АҚ өнімдері енген.