Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында ведомство мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өтті.
Семинар спикерлері ретінде ҚР Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Компьютерлік инциденттерге ден қою ұлттық қызметінің өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазіргі кездегі өзекті киберқауіптер, дербес және қызметтік ақпаратты қорғау талаптары, корпоративтік құрылғыларды, банк сервистерін, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану қағидалары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сондай-ақ интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтыққа ерекше назар аударылды. Сарапшылар алаяқтардың кең таралған тәсілдерін түсіндіріп, фишингтік шабуылдар мен күмәнді сілтемелерді қалай анықтауға болатынын айтып берді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.