Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Алматы облысының тұрғындары үшін көшпелі қабылдау өткі...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Алматы облысының тұрғындары үшін көшпелі қабылдау өткізуде

ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Алматы облысының тұрғындары үшін көшпелі қабылдау өткізуде ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Алматы облысының тұрғындары үшін көшпелі қабылдау өткізуде ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Алматы облысының тұрғындары үшін көшпелі қабылдау өткізуде

Бүгін Алматы облысында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері басталды. Екі күн бойы Медициналық орталықтың білікті мамандары тұрғындарға консультациялық көмек көрсетіп, хирургиялық ота жүргізеді, сондай-ақ өңір дәрігерлеріне арналған шеберлік сабақтарын өткізеді. Іс-шаралар Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы мен Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасында ұйымдастырылып жатыр.

Пациенттерді Ұлттық госпиталь мен Медициналық орталық ауруханасының урология, гинекология, травматология, нейрохирургия, хирургия, онкология, эндокринология, пульмонология, неврология және ревматология салаларындағы мамандары қабылдайды. Консультациялық көмектен бөлек, медициналық көрсетілімдерге сәйкес дәрігерлер облыстың медициналық ұйымдарындағы әріптестерімен бірлесіп ота жасайды.

Өңірдің медицина қауымдастығына арналған ғылыми-тәжірибелік бағдарлама да әзірленген. Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері сепсис пен сепсистік шокты диагностикалау және емдеу, бактерияға қарсы терапияны ұтымды қолдану, клиникалық-фармакологиялық қызметті енгізу, дәрілік терапияның заманауи тәсілдері, ісіктерді молекулалық-генетикалық бейіндеу және онкологиядағы ядролық медицинаның мүмкіндіктері тақырыптарында дәрістер оқып, клиникалық жағдайларды талдайды. Сонымен қатар медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Бағдарлама аясында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ұйымдастырған онлайн-конференция да өтеді. Онда сарапшылар жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алудың заманауи тәсілдерін, артериялық гипертензия мен семіздікке шалдыққан пациенттерді жүргізу тәжірибесін, дербестендірілген антитромботикалық терапияның мүмкіндіктерін, кардиологиялық оңалтудың инновациялық әдістерін, кардиометаболикалық терапияны қолдануды, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігін басқарудағы цифрлық технологияларды талқылайды.

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері өңірлермен жасалған ынтымақтастық туралы меморандумдар аясында өткізіліп жатыр. Жоба мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, заманауи медициналық технологияларды енгізуге және сала мамандары арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.

2026 жылдың басынан бері Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері Қазақстанның алты өңірінде ұйымдастырылды. Ал Алматы облысы – аталған жобаны қабылдап отырған жетінші өңір