Басты бетПрезидент Телерадиокешені «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды

Президент Телерадиокешені «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды

Президент Телерадиокешені «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды Президент Телерадиокешені «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды Президент Телерадиокешені «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды Президент Телерадиокешені «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің телевизиялық түсірілімін жасайды

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін халықаралық «Болашақ ойындары – 2026» мультиспорттық турнирінің телевизиялық көрсетілімін қамтамасыз етуге Президент Телерадиокешенінің 150-ге жуық маманы жұмылдырылады.

Президент Телерадиокешені турнирдің ашылу салтанатын, сондай-ақ Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтетін үш фиджитал дисциплинасы бойынша жарыстардың телевизиялық өндірісін жүзеге асырады. Мұнда Phygital Basketball (29 шілде – 3 тамыз), Phygital Football (4-9 тамыз) және Phygital Fighting (8 тамыз) турнирлері өтеді.

Ол үшін көпкамералы түсірілімге арналған заманауи жабдықпен жабдықталған жылжымалы телевизиялық станциялар пайдаланылады. Олар турнирдің негізгі іс-шараларын жоғары сапада түсіріп, телевизиялық өндіріс пен трансляцияны қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жарысқа дайындық жұмыстары соңғы кезеңге шықты. Жылжымалы телевизиялық станциялар спорт нысандарына орналастырылып, жабдықтар мен сигнал тарату желілеріне техникалық тексерулер жүргізілді. Қазір бас репетициялар өтіп жатыр.

«Болашақ ойындарының» ашылу салтанатын түсіруге 16 телевизиялық камера тартылады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар түрлі ракурстан түсірілім жүргізу үшін тростық камера жүйесі мен операторлық кран сияқты қосымша арнайы жабдық орнатты.

Телевизиялық өндіріске режиссерлер, инженерлер, операторлар, дыбыс режиссерлері, жарық қою мамандары және өзге де техникалық қызметкерлер қатысады.

Турнирдің ашылу салтанаты мен негізгі жарыстарын Jibek Joly және Silk Way телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

«Болашақ ойындары – 2026» дәстүрлі спорт пен заманауи цифрлық технологияларды біріктіреді. Жарысқа халықаралық клубтар құрамында әлемнің 50-ден астам елінен 800-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 млн 650 мың АҚШ долларын құрайды.