Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 15-ші сенбілік өт...

ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 15-ші сенбілік өткізді

ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 15-ші сенбілік өткізді ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 15-ші сенбілік өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ұйымдар республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуын жалғастыруда.

Кезекті сенбілік Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттер жатақханасының аумағында ұйымдастырылды. Оған «Астана-20» мемлекеттік қорының, Инженерлік-техникалық орталықтың және ҚР Президенті Телерадиокешенінің 100-ге жуық қызметкері қатысты.

Экологиялық акция барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Олар тұрмыстық қалдықтарды, қураған шөптер мен арамшөптерді жинап, қалың өскен аумақтар мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазартты. Сондай-ақ құлаған ағаштар мен қураған бұтақтар жиналып, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары атқарылды. Жиналған қалдықтар кейін шығаруға дайындалды.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу Президент Іс басқармасы үшін игі дәстүрге айналды.

2026 жылдың басынан бері Президент Іс басқармасы жүйесінің ұйымдары 15 сенбілік өткізіп, оған 4 мыңға жуық адам қатысты. Осы кезеңде шамамен 3 800 қап қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.