Басты бетЦифрлық коммуникациялар – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру құралы

Цифрлық коммуникациялар – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру құралы

Цифрлық коммуникациялар – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру құралы

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ ҚР ПІБ жүйесіне қарасты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған заманауи цифрлық коммуникациялар бойынша мамандандырылған семинар өтті.

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру – Президент Іс басқармасы жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Жүйелі түрде ұйымдастырылатын оқыту мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, жұмыс үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге және ұйымдардың ақпараттық қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Семинар бағдарламасы цифрлық құралдарды тәжірибеде тиімді қолдануға бағытталған. Қатысушылар ақпараттық материалдарды әзірлеудің өзекті тәсілдерімен танысып, веб-талдау, ақпараттық кеңістікті мониторинг жасау және кәсіби қызметте жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктерін зерделеді.

Семинарға қатысушылар цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім мен кәсіби құзыреттерді үнемі жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты жүйелі оқыту мамандардың тиімді қызметінің маңызды шарты болып қала береді.

«Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдардың қызметкерлері үшін тұрақты негізде оқыту іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Бұл жұмыс кадрлық әлеуетті нығайтуға, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.