Басты бетҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясына қатысуд...

ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясына қатысуды жалғастыруда

ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары «Таза Қазақстан» акциясына қатысуды жалғастыруда
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысуды жалғастыруда. Экологиялық іс-шаралардың кезекті кезеңі Астана қаласының Есіл және Алматы аудандарының арасындағы Көк арал маңындағы Есіл өзенінің жағалауында өтті. Іс-шараға Медициналық орталық ауруханасының, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығының, «Қарлығаш» балабақшасының және «Алатау» қонақ үйінің 100-ден астам қызметкері қатысты. Сенбілік барысында қатысушылар жаяу жүргіншілер жолдарын, өзен жағалауын және тұрғындардың демалыс аймақтарын қоқыстан тазартты. Акция қорытындысында шамамен 160 қап қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Президент Іс басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдардың «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы жүйелі сипатқа ие. Экологиялық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіліп, орталық аппарат пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін біріктіреді. Сенбіліктермен қатар Президент Іс басқармасы жүйесінде аумақтарды абаттандыру, экологиялық мәдениетті дамыту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.