Басты бетҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫНДА «FACILITY MANAGEMENT» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫНДА «FACILITY MANAGEMENT» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы 2015 жылғы 23-24 қаңтар аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті оқытушыларының қатысуымен «Facility Management» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға Іс Басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының басшылары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі қызметін жүзеге асыруға жағдай жасалуын қамтамасыз ету шеңберінде көрсетілетін инфрақұрылымдық қызметтерді басқару құралы ретінде Facility Management мағынасымен және негізгі түрлерімен тыңдаушыларды таныстыру болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру мынадай міндеттердің шешілуін қарастырады:

- Facility Management мәнімен және оның кәсіпорындар мен ұйымдардың басқару жүйесінде алатын орнымен таныстыру;

- кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалатын Facility Management міндеттері мен функцияларын қарау;

- өндірістік процестерді инфрақұрылымдық қамтамасыз етудегі қажеттілікке талдау жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасы мен шетелде қолданылатын Facility Management теориясымен және практикасымен таныстыру;

- Facility-менеджердің ұйым қызметіндегі орны мен рөлін қарау.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат берілді.

Анықтама: Facility Management – ұзақ мерзім қызмет ету және бүкіл өмірлік цикл ішінде тәуекелдер мен шығыстарды барынша азайтуы үшін физикалық объектілерді, объектілер инфрақұрылымы мен жабдығын жүйелі түрде үйлестіріп басқару.