Басты бетПрезиденттік орталықта Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды

Президенттік орталықта Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды

Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды Президенттік орталықта  Қазақстанның тарихи карталар галереясы ашылды

2026 жылғы 1 шілдеде ҚР ПІБ Президенттік орталығында Қазақстанның тарихи карталар галереясының, сондай-ақ кәдесый және қолөнер аймақтарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық мемлекеттіліктің сан ғасырлық тарихын дәріптеу, ғылыми тұрғыдан насихаттау және тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына орай жүзеге асырылды. Конституцияның маңызды жаңашылдықтарының бірі – Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы туралы қағиданың бекітілуі.

Қазақстанның тарихи карталар галереясының ауқымды экспозициясының негізіне Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың іргелі ғылыми зерттеулері арқау болды. Бұған дейін ғалым Мемлекет басшысына «Тарих толқынындағы Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі. XVI–XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты ғылыми еңбегін таныстырған болатын. Қазақстан Президенті аталған еңбекті жоғары бағалап, оның нәтижелерін жұртшылық арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Галереяның бірегейлігі – онда XI–XIX ғасырлардағы белгілі араб, еуропалық және ресейлік саяхатшылар мен зерттеушілердің тарихи карталары жинақталған. Бұл карталар қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық эволюциясын көрнекі түрде бейнелейді.

Президенттік орталық базасында Қазақстанның тарихи карталар галереясын құру – тарихи шындықты жүйелеуге, цифрландыруға, сақтауға және көрнекі түрде ұсынуға бағытталған стратегиялық қадам. Жоба Қазақстандағы мемлекеттілік дәстүрлерінің терең тарихи тамырын қазіргі заманмен сабақтастыратын маңызды ғылыми-ағартушылық көпірге айналып, бұл құнды мұраны ғалымдарға, жұртшылыққа және келешек ұрпаққа қолжетімді етуді мақсат етеді.

Іс-шара аясында еліміздің жетекші қолөнер шеберлері – белгілі зергер Берік Әлібай мен әскери тарих саласының танымал сарапшысы, этнограф-қарутанушы Қалиолла Ахметжан қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің бірегей туындыларын ұсынған ерекше қолөнер аймақтары да ашылды.

Қазақстанның тарихи карталар галереясының, кәдесый және қолөнер аймақтарының бір жоба аясында таныстырылуы ұлттық мемлекеттіліктің сан ғасырлық тарихы мен елдің бай мәдени мұрасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізу ісінің өзара сабақтастығын айшықтайды.

Салтанатты рәсімге көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, академиялық қауымдастықтың белгілі ғалымдары мен сарапшылары, дипломатиялық корпустың, мәдениет және білім беру саласының өкілдері қатысты.