Басты бетАстанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңі өтті

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңі өтті

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті кезеңі өтті

Экологиялық іс-шаралар Астана қаласындағы Ә. Бөкейхан және Керей-Жәнібек хандар көшелерінің бойындағы Президент саябағында, сондай-ақ Медициналық орталық ауруханасының аумағында өтті.

Акция барысында аумақтар қураған бұтақтар мен жапырақтардан, тұрмыстық және өсімдік қалдықтарынан тазартылды. Сонымен қатар іргелес аумақтар, жаяу жүргіншілер жолдары мен жасыл желектер ретке келтірілді.

Экологиялық акцияға «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы, Инженерлік-техникалық орталық және Медициналық орталық ауруханасының қызметкерлері - жалпы саны 200-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде шамамен 200 қап қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Президент Іс басқармасында «Таза Қазақстан» акциясына ведомствоға қарасты ұйымдардың қатысуы жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Экологиялық іс-шаралар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты өткізіліп, Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі Президент Іс басқармасы жүйесінің нысандарын қамтиды.

Жыл басынан бері Президент Іс басқармасы жүйесінің ұйымдары 11 сенбілік өткізді. Оларға шамамен 3500 қызметкер қатысып, 3200-ге жуық қап қоқыс шығарылды.