Басты бетПрезидент Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа нормалар түсіндірілді

Президент Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа нормалар түсіндірілді

Президент Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа нормалар түсіндірілді Президент Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа нормалар түсіндірілді Президент Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа нормалар түсіндірілді Президент Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа нормалар түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа нормаларды түсіндіруге арналған семинар өтті. Іс-шараға ПІБ орталық аппаратының, Медициналық орталықтың, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, әдеп жөніндегі уәкілдер мен комплаенс-қызметтердің өкілдері қатысты.

Семинарды ашқан Президент Іс басқармасының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Рахат Бекқадамов бүгінгі таңда әдеп жөніндегі уәкілдер мен комплаенс-қызметтерге ерекше жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған талаптарды бірыңғай түсініп, оларды Іс басқармасы жүйесіндегі барлық ұйымдарда тиімді іске асыру маңызды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат басқармасының басшысы Аманжол Қаженбаев заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерді таныстырып өтті. Ол жаңа нормалардың мазмұнын, оларды практикада қолдану тетіктерін түсіндіріп, уәкілетті мамандар жұмысына енгізілген жаңашылдықтарды айтып берді.

Семинар соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнаманы тәжірибеде қолдануға қатысты жан-жақты түсіндірмелер алды.