Медицина қызметкері күніне орай Президент Іс Басқармасында Медициналық орталықтың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, үздік мамандарға марапаттарды табыстады.
Отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және азаматтардың денсаулығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегі үшін қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Оларға «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, Құрмет грамоталары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы атынан Алғыс хаттар табысталды.