Басты бетПрезидент Іс басқармасы ұйымдарының қызметкерлері «Қытай – ШЫҰ» халықаралық форумына қатысты

Президент Іс басқармасы ұйымдарының қызметкерлері «Қытай – ШЫҰ» халықаралық форумына қатысты

Президент Іс басқармасы ұйымдарының қызметкерлері «Қытай – ШЫҰ» халықаралық форумына қатысты Президент Іс басқармасы ұйымдарының қызметкерлері «Қытай – ШЫҰ» халықаралық форумына қатысты Президент Іс басқармасы ұйымдарының қызметкерлері «Қытай – ШЫҰ» халықаралық форумына қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдардың өкілдері Қытай Халық Республикасының Қарамай қаласында өткен «Қытай – ШЫҰ» цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту форумына қатысты.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы – цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту және трансшекаралық цифрлық ынтымақтастықтың жаңа экожүйесін қалыптастыру болды. Халықаралық алаң Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастықтарының, ғылыми орталардың және IT-индустрия өкілдерін біріктіріп, цифрлық трансформацияның келешегін, жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін және экономиканың түрлі салаларына инновациялық шешімдерді енгізу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шараға ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының, «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының, Инженерлік орталығының, Әкімшілік ғимараттар дирекциясының Алматы филиалының, сондай-ақ ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар құрамының әртүрлі салаларды қамтуы цифрлық трансформация үдерісіне жан-жақты көзқараспен қарап, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды Президент Іс басқармасының түрлі бағыттарындағы қызметіне енгізу мүмкіндіктерін кешенді бағалауға жол ашты.

Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар жасанды интеллектіні қолданудың практикалық кейстерімен, цифрлық инфрақұрылым мен деректер орталықтарын дамыту тәжірибесімен, сондай-ақ ШЫҰ елдерінің мемлекеттік қызметтер мен қалалық ортаны цифрлық трансформациялау бағытындағы тәсілдерімен танысты. Smart City тұжырымдамаларына, зияткерлік көлік жүйелеріне және халыққа арналған цифрлық сервистерге ерекше назар аударылды.

Қатысушылардың айтуынша, форум әлемде қолданыстағы цифрлық шешімдермен танысуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға жақсы мүмкіндік берді.

Еске салсақ, «Қытай – ШЫҰ» цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту форумы осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Ол өңір елдері арасында цифрлық шешімдер саласындағы тәжірибе алмасуға арналған негізгі алаңдардың бірі саналады.