Бүгін Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына 2026 жылғы 7 сәуірдегі және 3 маусымдағы заңдарына енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары Венера Мурзалина спикер боп сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушыларға еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтық-құқықтық және ұжымдық шарттарды жасасу мәселелері, жалғызбасты ата-анамен еңбек шартын бұзудың ерекшеліктері, ауысым алдындағы медициналық тексерулерге ақы төлеу тәртібі, скрининг тексерісінен өту үшін демалыс беру, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктерін кеңейту мәселелері қарастырылды.
Жаңа заңнамалық нормаларды қолданудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар HR-қызметі мен жұмыс берушілердің қызметінде туындайтын өзекті жайттар бойынша мәлімет алып, еңбек жағдайына қатысты мәселелерді уәкілетті мемлекеттік орган өкілімен талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша еңбек заңнамасындағы жекелеген жаңашылдықтарды іске асырудың бірыңғай тәсілдері қалыптастырылып, кадр қызметтері мамандары мен ұйым басшыларының құқықтық сауаттылығы арттырылды. Сонымен қатар, берілген ұсынымдар Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдардың практикалық қызметінде жаңа құқықтық нормаларды дұрыс әрі тиімді қолдануға ықпал ететіні атап өтілді.