Басты бетҚазақстан сайлаушылары депутаттармен онлайн-кездесулер белгілей алатын болады

Қазақстан сайлаушылары депутаттармен онлайн-кездесулер белгілей алатын болады

2017 жылы Қазақстан Республикасының Электрондық Парламенті жүйесін қолданысқа енгізу жоспарлануда, оның шеңберінде тұрғындар депутаттармен онлайн режимінде тілдесе алады деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.

Е-Парламент арқылы сайлаушылармен байланысты, яғни тұрғындар мен депутаттар арасындағы телекөпірлердің өткізілуін іске асыру жоспарлануда. Бейнеконференц байланыстың жылдамдық мүмкіндіктері және технологияларының интерактивтілігі тұрғындарға депутаттармен тілдесуге мүмкіндік беретін болады.

Осылайша, азаматтар алдын ала онлайн-кездесуге жазылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы Қазақстанның әр өңірінен сайланған депутаттармен бейнеконференция арқылы байланыса алатын болады.

Е-Парламент жүйесін қолданысқа енгізу 2017 жылға белгіленгенін атаған жөн.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы «Қазақстан Республикасының Электрондық Парламентін құру» жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу іс-шараларын бастады.

Жобаны іске асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдаланылуын дамыту арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің бірыңғай ақпараттық ортасына көшу үшін бірыңғай инфрақұрылым жасалатын болады.

Сонымен қатар, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің сайттары интеграцияланатын бірыңғай портал құрылып, онда Парламенттің қызметіне шолу жасалатын болады.