Басты бет40 жылдық тәжірибесі бар дәрігер денсаулықты физиотерапия арқылы қалпына келтірудің қыр-сырымен б...

40 жылдық тәжірибесі бар дәрігер денсаулықты физиотерапия арқылы қалпына келтірудің қыр-сырымен бөлісті

40 жылдық тәжірибесі бар дәрігер денсаулықты физиотерапия арқылы қалпына келтірудің қыр-сырымен бөлісті 40 жылдық тәжірибесі бар дәрігер денсаулықты физиотерапия арқылы қалпына келтірудің қыр-сырымен бөлісті 40 жылдық тәжірибесі бар дәрігер денсаулықты физиотерапия арқылы қалпына келтірудің қыр-сырымен бөлісті

Медицина қызметкері күні қарсаңында «Almaty Resort» шипажайының физиотерапевт дәрігері Төлеубала Рахметова физиотерапияның мүмкіндіктері мен оның аурулардан, жарақаттардан және операциялардан кейінгі пациенттерді оңалтудағы рөлі туралы айтып берді.

Ол медицина саласына 40 жылдан астам өмірін арнаған. Соның ішінде соңғы 16 жыл бойы шипажай жүйесінде еңбек етіп, пациенттерді оңалтумен және қалпына келтіру емінің заманауи әдістерін енгізумен айналысып келеді.

Маманның айтуынша, физиотерапия - кешенді оңалтудың маңызды құрамдас бөлігі. Ол ауырсынуды азайтуға, қимыл-қозғалыс қабілетін қалпына келтіруге, сауығу үдерісін жеделдетуге және ағзаға түсетін дәрі-дәрмек жүктемесін төмендетуге көмектеседі.

«Almaty Resort» шипажайында электрофорез, магнитотерапия, лазерлік терапия, ультрадыбыстық терапия, емдік ванналар мен балшықпен емдеу сияқты заманауи физиотерапиялық әдістер қолданылады. Барлық процедура пациенттің диагнозына, жасына және жалпы жағдайына қарай тағайындалады.

Дәрігердің сөзінше, физиотерапия әсері уақыт өте байқалады. Процедуралар бірден нәтиже бермегенімен, ағзаның табиғи қалпына келу механизмдерін іске қосып, аурудың негізгі себептеріне ықпал етеді.

Толығырақ