Басты бетҚР ПІБ-те мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ-те мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ-те мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері талқыланды ҚР ПІБ-те мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері талқыланды ҚР ПІБ-те мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері талқыланды ҚР ПІБ-те мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтарды алдын алу мәселелері талқыланды

ҚР Президенті Іс басқармасында мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға арналған семинар өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы қоғамдық орындарда мас күйде жүруге және көлік құралдарын масаң күйде басқаруға жол бермеу мәселелері болды.

Іс-шараға ҚР ПІБ орталық аппаратының, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының және Медициналық орталықтың қызметкерлері қатысты.

Семинарды аша отырып, ҚР ПІБ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгеруші орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Жұмағұлова қызметтік тәртіпті сақтаудың және әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.

Ол мемлекеттік қызметшілердің қызметі қоғамның ерекше назарында болатынын, ал мінез-құлық нормаларын бұзудың кез келген фактісі азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне тікелей әсер ететінін айтты.

Семинар барысында «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК нормашығармашылық жұмыс басқармасының Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының бас маманы Серік Қаржаубаев баяндама жасады.

Семинар аясында спикер қоғамдық орындарда алкоголь ішу, есірткі қабылдау не уытқұмарлық күйде жүруге байланысты жауапкершілік мәселелерін реттейтін заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіріп өтті. Қатысушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қоса алғанда, заңды жауапкершіліктің түрлері жайлы да айтылды. 

Сондай-ақ көлік құралдарын мас күйде басқару мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау, медициналық куәландырудан бас тарту және өзге де жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактілері үшін жауапкершілікке тарту негіздері түсіндірілді. 

Семинар соңында қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.