Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында 28-29 мамыр күндері Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форумды дайындау мен өткізуді қамтамасыз еткен Президент Іс басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараны ұйымдастыруға, техникалық және өзге де қамтамасыз ету жұмыстарына елеулі үлес қосқан түрлі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының Алғысымен марапатталды.
Марапаттау рәсімі форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз еткен қызметкерлердің еңбегіне берілген лайықты баға болды.