2014 жылғы 28 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен «Ас қорыту органдары обырының алдын алу және ерте анықталуындағы қазіргі заманғы проблемалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті деп ҚР ПІБ баспасөз қызметі хабарлайды.
Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы, медициналық ғылымдар докторы, профессор Валерий Бенберин құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол онкологиялық аурулармен күресуде осындай іс-шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.
Конференцияда «BiohitOyj» компаниясының клиникалық зерттеулер департаментінің бас медициналық директоры Кари Сюрьенян (Хельсинки, Финляндия) Гатропанель қанды зертханалық зерттеу кешенінің қызмет ету тетігі туралы баяндама жасады.
Конференцияда «BiohitOyj» компаниясының клиникалық зерттеулер департаментінің бас медициналық директоры Кари Сюрьенян (Хельсинки, Финляндия) Гатропанель қанды зертханалық зерттеу кешенінің қызмет ету тетігі туралы баяндама жасады.
Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің медициналық атташесі Рюта Фукуяның айтуынша мамандарға кез келген елдің тамақтану ерекшелігін мұқият зерттеу қажет. Мәселен, жапондықтар тұзды тағамға құштар болғандықтан, Жапонияда 2010 жылға дейін асқазан обыры басқа қатерлі ісіктер арасында бірінші орында болған. Бірақ жылдан жылға «тұзды тағам денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін» ағарту қозғалысының арқасында асқазан обыры ауруларының төмендеу үрдісі байқалады.
Қазақстандық дәрігерлер жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының халқы арасында обыр алды ауруларды анықтау деңгейі төмен, оның басты себебі тұрғындардың скрининг зерттеулерінен тегін өту мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарауы болып табылады. Скрининг зерттеулерінің стандарттарына сәйкес өңірлердегі медициналық кадрлардың көбінде қажетті дағдылардың болмауы өз әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, тағамтану мәселелері ғылыми орталығының директоры, Украинаның Денсаулық сақтау министрлігінің бас диетологы м.ғ.д., профессор Олег Швец, «Биоген-аналитика» компаниясының генетикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Афанасьев Анатолий Геннадьевич (Мәскеу, Ресей), А.М. Никифоров атындағы Бүкілресейлік шұғыл және радиациялық медицина орталығының терапия және кәсіби патология бөлімінің меңгерушісі, профессор Олег Саблин баяндама жасады.
Бұл іс-шара аурудың табиғатын түсіну және ол туралы заманауи ұғымдарды қалыптастыру, оның алдын алу, анықтау мен емдеу бойынша келісілген ұсынымдар әзірлеу үшін бірегей халықаралық алаң болып табылатынын атаған жөн.
Бұл іс-шара аурудың табиғатын түсіну және ол туралы заманауи ұғымдарды қалыптастыру, оның алдын алу, анықтау мен емдеу бойынша келісілген ұсынымдар әзірлеу үшін бірегей халықаралық алаң болып табылатынын атаған жөн.
Конференцияның соңында шетелдік және жергілікті қонақтардың санаулы тобы «Ас қорыту органдарының обыр алды ауруларына шалдыққан науқастарды бақылаудағы әртүрлі мамандардың өзара іс-қимылы» дөңгелек үстелінде ортақ жұмысты одан әрі дамытудың мүмкіндіктерін талқылады.