Басты бетАстана мен Алматы қалаларында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті шаралары өтті

Астана мен Алматы қалаларында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті шаралары өтті

Астана мен Алматы қалаларында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының кезекті шаралары өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдар жалпыхалықтық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуын жалғастырып келеді. Кезекті іс-шаралар Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды.

Елордада Президенттік орталықтың, ҚР ПІБ Автошаруашылығының және Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясының қызметкерлері «Солтүстік» қар полигоны аумағын тазарту жұмыстарын жалғастырды. Акция барысында жиналған қоқыстар, атап айтқанда бөтелкелер, полиэтилен пакеттер, бұтақтар, мата қалдықтары мен пластик ыдыстар жиналып, аумақ тазартылды. Қалдықтарды тиеу және шығару үшін арнайы техника – тиегіш пен жүк көлігі пайдаланылды.

Алматы қаласында Ұлттық госпиталь қызметкерлері Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры маңындағы қоғамдық орындарда санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шаралар Байсейітова, Қабанбай батыр, Назарбаев және Жамбыл көшелерінің аумағын қамтыды. Акция барысында қызметкерлер жаяу жүргіншілер жолдарын, жасыл аймақтар мен іргелес аумақтарды тазалап, қоқыс, қураған бұтақтар мен жапырақтарды жинады. Сондай-ақ көгалдар, субұрқақ маңы, театр алдындағы алаң мен тротуарлар ретке келтірілді.

Бүгінгі іс-шараларға 160-тан астам адам қатысты. Нәтижесінде шамамен 170 қап қоқыс жиналды.

Айта кету керек, Президент Іс басқармасы экология мәселесін жайлы әрі қолайлы, қауіпсіз және таза орта қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді жұмыстың маңызды бөлігі ретінде қарастырып келеді. Қызметкерлердің «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы абаттандыру шараларын іске асырумен қатар, экологиялық мәдениетті нығайтуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.