Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі.
Форум жұмысына шамамен 300 адам қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшылығы мен судьялары, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық ұйым өкілдері, ірі халықаралық инвесторлар, кәсіпкерлер, сондай-ақ сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдері болды.