Басты бетПрезиденттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды

Президенттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды

Президенттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды Президенттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды Президенттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды Президенттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды Президенттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды Президенттік орталықта қазіргі қоғамдағы кітап оқудың рөлі талқыланды

Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасында кітап оқуды насихаттауға арналған іс-шара өтті. Кездесу Қазақстан Республикасы Президентінің оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлт қалыптастыруға бағытталған Жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Жиынға Президент Іс басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдардың бас тәлімгерлері мен жас мамандары қатысты. Қатысушылар Президенттік орталық кітапханасы қоры негізінде ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысып, оқу мәдениетін дамыту, кітап оқуды насихаттау және қазіргі қоғамдағы кітаптың рөлін арттыру мәселелерін талқылады.

Алғашқы сөзін Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы Алмас Исаков сөйледі.

«Кітап оқитын ұлтты қалыптастыру – ел болашағына салынған инвестиция. Бүгінде бай кітап мұрамызды сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу және оқуды азаматтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру үшін қажетті жағдай жасау аса маңызды. Мемлекет басшысының оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларын қолдауымыз қажет. Өйткені бұл тек білім деңгейін арттыру ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани және мәдени құндылықтарын нығайту мәселесі. Бұл жұмыста жастардың кітап арқылы білім әлемін тануына ықпал ететін тәлімгерлерге, білім беру және мәдениет ұйымдарына ерекше жауапкершілік жүктеледі. Бірлескен күш-жігердің арқасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтып, заман талабына лайық жауап бере алатын ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса аламыз деп сенемін», – деді ол.

Өз кезегінде ҚР Президенті Іс басқармасы Бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықов кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам екенін атап өтті. Осыған байланысты білім беру, мәдениет, адамгершілік тәрбие мен жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелерінің маңызы ерекше екенін айтты.

«Бұл үдерісте кітаптың орны айрықша. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтуге, өмірлік құндылықтарын нығайтуға, тарихпен және халықтың мәдени мұрасымен байланысын сақтауға көмектеседі. Дәл кітап оқу арқылы қоғамның зияткерлік әлеуеті қалыптасып, елдің болашағының негізі қаланады», – деді Серік Сыдықов.

Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Президенттік орталықтың және әдеби орта өкілдері де сөз сөйледі.

Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының бас сарапшысы Анаргүл Жомартова «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы аясында оқу мәдениетін дамыту бағыттары туралы баяндады. Президенттік орталықтың Кітапхана жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы Дина Аманжолова кітап оқудың тұлғаның зияткерлік және мәдени дамуына ықпалы туралы айтты.Ал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Олжас Сәндібек цифрлық дәуір жағдайындағы кітаптың маңызы жөніндегі көзқарасымен бөлісті.

Қатысушылар жастар арасында кітап оқуға тұрақты қызығушылық қалыптастыру және қоғамдық өмірдегі баспа өнімдерінің рөлін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шара Президенттік орталықтың кітапхана қорымен таныстыру экскурсиясымен аяқталды.