Басты бетПІБ қызметкерлері Түркі мемлекеттері ұйымының саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік наг...

ПІБ қызметкерлері Түркі мемлекеттері ұйымының саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды

ПІБ қызметкерлері Түркі мемлекеттері ұйымының саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды ПІБ қызметкерлері Түркі мемлекеттері ұйымының саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды ПІБ қызметкерлері Түркі мемлекеттері ұйымының саммитін өткізуге қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында 2026 жылғы 15 мамырда Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитін ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Саммит түркі мемлекеттері арасындағы саяси диалогты нығайтуға, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ мәдениет, білім беру және орнықты даму салаларындағы бірлескен бастамаларды ілгерілетуге арналған маңызды халықаралық алаңға айналды. Іс-шараны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу көптеген мемлекеттік орган мен қызметтердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесі болды.

Адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Президент Іс басқармасы жүйесінің 37 қызметкері «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының Алғыс хаттарымен марапатталды.