Басты бетПрезиденттік орталықта «Жүректен жүрекке» атты арт-терапиялық сессия өтті

Президенттік орталықта «Жүректен жүрекке» атты арт-терапиялық сессия өтті

Президенттік орталықта «Жүректен жүрекке» атты арт-терапиялық сессия өтті Президенттік орталықта «Жүректен жүрекке» атты арт-терапиялық сессия өтті Президенттік орталықта «Жүректен жүрекке» атты арт-терапиялық сессия өтті Президенттік орталықта «Жүректен жүрекке» атты арт-терапиялық сессия өтті

Бүгін Президенттік орталықта Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жүректен жүрекке» атты арт-терапиялық сессия ұйымдастырылды. Іс-шараға ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Арт-терапия балаларға өз сезімдері мен эмоцияларын шығармашылық арқылы білдіруге, қиялын дамытуға, қарым-қатынас дағдылары мен өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Осыған байланысты мұндай кездесулер көп жылдан бері мамандардың, еріктілердің және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың басын қосып келеді.

Іс-шараны Президенттік орталық, Астана қаласындағы мүгедектігі бар балалар қоғамы мен «Мое возрождение» психологиялық орталығы елордалық «AMANAT» партиясы филиалының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Іс-шара қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде Президенттік орталық директорының кеңесшісі Серік Сыдықов балаларды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамалардың маңызын атап өтті.

«Президенттік орталық балаларды қолдауға және олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған бастамаларға әрдайым ашық. Біздің міндетіміз – әр баланың өзіне деген сенімділігін нығайтып, қамқорлық пен қолдауды сезінуіне жағдай жасау. Өйткені әр баланың бойында ерекше талант бар. Бүгінгі кездесу – балаларға қуаныш сыйлаудың тағы бір мүмкіндігі», – деді ол.

«Мое возрождение» психологиялық орталығының жетекшісі Альвина Юсупова арт-терапияның ерекше балалардың ішкі әлеуетін ашуға, эмоционалдық күйзелісін азайтуға және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға көмектесетінін атап өтті.

Қатысушыларға арналған шығармашылық бағдарламада музыкалық нөмірлер, театрландырылған қойылым мен интерактивті флешмоб болды. Кездесудің негізгі бөлігі қолөнер бұйымдарын жасауға арналған арт-терапиялық сессия болды. Балалар өз қиялын еркін көрсетіп, қабілеттерін танытып, жаңа әсерге бөленді.

Іс-шара соңында жас қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету қажеттілігін тағы бір мәрте еске салып, әр баланың әлеуетін ашуға қолайлы жағдай жасаудың қоғам үшін маңызды екенін көрсетті.