2014 жылғы 8 қарашада «Бурабай» МҰТП-інің кезекші инспекторлары МҰТП аумағына күнделікті рейд жүргізу барысында Ақылбай орманшылығының ауданында заңсыз аң аулау фактісін анықтаған деп хабарлайды ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.
Белгісіз тұлғалар бұғыны заңсыз аулау арқылы рұқсат етілмеген аңшылық жасады.
Заңсыз аң аулау нәтижесінде ұлттық паркке 370 мың теңгеден астам сомаға зиян келтірілген.
Істің материалдары Бурабай аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.