Басты бетМамандар балаларды қорғау күніне орай ерте жастан дамудың маңызын еске салды

Мамандар балаларды қорғау күніне орай ерте жастан дамудың маңызын еске салды

Мамандар балаларды қорғау күніне орай ерте жастан дамудың маңызын еске салды Мамандар балаларды қорғау күніне орай ерте жастан дамудың маңызын еске салды Мамандар балаларды қорғау күніне орай ерте жастан дамудың маңызын еске салды Мамандар балаларды қорғау күніне орай ерте жастан дамудың маңызын еске салды

Халықаралық балаларды қорғау күні өскелең ұрпақтың амандығы, қауіпсіздігі және жан-жақты дамуы мәселелеріне дәстүрлі түрде ерекше назар аударылады. Бүгінде балаға қамқорлық жасау – әлеуметтік міндет қана емес, елдің кәміл болашағына салынатын маңызды инвестиция ретінде қарастырылады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың құқықтарын қорғау және әлеуетін ашу – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Сондықтан білім беру жүйесінде баланы ерте жастан дамытуға ерекше назар аударылып, бұл шара адами капиталды қалыптастырудың берік негізі ретінде қарастырылады.

Осыған байланысты қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінде балабақшаға тек күтім жасап, мектепке дайындайтын орын ретінде емес, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, бастамашылдығына, ізденімпаздығына, дербестігіне және қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қабілетіне ықпал ететін орта ретінде қарау үрдісі күшейіп келеді.

Мұндай ұстаным «Қарлығаш» балабақшасының қызметінде де кеңінен қолданып келеді. Мұнда педагогтердің әдістемелік жұмысына, заманауи дамытушы білім беру ортасын қалыптастыруға және отбасымен тиімді серіктестік орнатуға ерекше мән беріледі.

Балабақша мамандарының айтуынша, мектепке дейінгі кезең – бала өміріндегі ең маңызды сатылардың бірі. Дәл осы уақытта ойлау қабілетінің, эмоциялық интеллектінің, қарым-қатынас дағдыларының, танымдық белсенділіктің, дербестік пен өзіне деген сенімділіктің негізі қаланады. Сондықтан педагогикалық жұмыстың басты мақсаты тек білім беру ғана емес, баланың өзін қауіпсіз әрі еркін сезініп, өз бастамаларын жүзеге асыра алатын қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.

«Қарлығаш» балабақшасындағы білім беру үдерісі әр балаға жеке көзқарас таныту, танымдық қызығушылығын дамыту және табиғи ізденімпаздығын қолдау қағидаттарына негізделген. Педагогтер баланы білім алушы ғана емес, білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастырады. Бұл ретте баланың сұрақ қоюды, жауап іздеуді, қоршаған ортаны танып-білуді және алғашқы дербес шешімдерін қабылдауды үйренуі маңызды саналады.

Балабақшада педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметіне де айрықша көңіл бөлінеді. Мамандардың жұмысы білім беру тәсілдерін үздіксіз жетілдіруге, заманауи педагогикалық тәжірибелерді енгізуге және баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту, тәжірибе алмасу және балалармен жұмыстың тиімді әдістерін іздестіру маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Балабақша директоры Гүлшат Онланбекқызының айтуынша, қазіргі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің басты міндеті тек білім беру емес, баланың табиғи танымдық қызығушылығын сақтап қалу. «Әр бала дүниеге айналасын танып-білуге, зерттеуге және жаңалық ашуға деген зор құштарлықпен келеді. Ересектердің маңызды міндеттерінің бірі – осы қызығушылықты мүмкіндігінше ұзақ уақыт сақтап қалу», – дейді балабақша басшысы.

«Қарлығаш» балабақшасындағы білім беру моделінің маңызды бөлігі – ата-аналармен өзара ынтымақтастық. Мұнда отбасы мен педагогтер серіктес ретінде әрекет еткен кезде ғана баланың дамуы, бастамашылдығы, өзіне деген сенімі және білімге қызығушылығы тұрақты түрде қалыптасады деп есептеледі.

Халықаралық тәжірибе мен ғылыми зерттеулер мектепке дейінгі сапалы білім берудің баланың болашақтағы білім алу жолына, өзгерістерге бейімделуіне, шешім қабылдауына және өз әлеуетін жүзеге асыруына ұзақ мерзімді әсер ететінін дәлелдейді. Сондықтан балабақшада бүгінгі нәтижелермен қатар, болашақта қажет болатын дағдыларды дамытуға бағытталған орта қалыптастыруға басымдық беріледі. 

«Қарлығаш» ұжымы үшін балалармен жұмыс – тек білім беру үдерісі ғана емес, әр баланың өзін тыңдалған, қабылданған және өз қабілеттерін еркін аша алатын тұлға ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін сенім мен қауіпсіздік атмосферасын қалыптастыруға бағытталған күнделікті жауапкершілік.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақша мамандары балалық шаққа қамқорлық жасау – тек бір баланың емес, тұтас қоғамның болашағына жасалған инвестиция екенін еске салады. Өйткені дәл ерте жаста адамның білім алуға, еңбек етуге, шешім қабылдауға және өз еліне пайдасын тигізуге негіз болатын маңызды қасиеттері қалыптасады.